САЯБАҚТАРДА ЦИРК ӘРТІСТЕРІ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
7 қараша күні сағат 14.00-де «Тәуелсіздік саябағында» және 8 қараша күні «Бәйдібек би» алаңында көрермендер сұрауы бойынша цирк әртістері сіздермен тағы да жүздеседі!

Белгіленген тәртіп, карантин талаптарына сай бетперде және арақашықтықты сақтай отырып көрермен назарына ұсынылады.

Ендеше қадірлі көпшілік! Сенбі, Жексенбі күндері отбасылық демалыстарыңызды қызықты етіп өткізгіңіз келсе бізбен бірге цирк әлеміне саяхат жасауға шақырамыз.