«ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАР» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар бастамаларын қолдау үшін 18-29 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Ұлттық жобалар» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жастардың бастамаларын қолдау, әлеуметтік, білім, экологиялық, стартап жобалар және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобаларын жүзеге асыру.
Байқаудың міндеттері:
— өмір сүру ортасын жақсартуға бағытталған нақты әлеуметтік іс-әрекеттер арқылы жергілікті қоғамдастық өміріне жастар мен жастар ұйымдарының қатысуын арттыру;
— «100 жаңа идея» топтамасын жинақтау, жастардың әлеуметтік, білім, экологиялық, стартап жобалар және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдау мен дамытудың тұрақты бағдарламасына қайта форматтау жолымен байқау қорытындысының нәтижелігін қамтамасыз ету;
— қаламыздың әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымы, білім мен экологиялық жағдайының жақсартуын қамтамасыз ететін үздік жобаларды анықтау және кәсіпкерлікке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру болып табылады.
Байқау аясында өздерінің әлеуметтік, білім, экологиялық, стартап жобалар және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бастамаларын жүзеге асыру үшін 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 5 жеңімпаз анықталды.
Байқау жеңімпаздары:
1. Бенсейтов Динар — «Жылыжай жасау технологиясы»;
2.Ниязбек Даулет — «EASY» ақылды мектебі;
3.Тоқташ Толғанай — «Global coffee» — стиліндегі элиталы талқанхана;
4.Төленбаева Мөлдір — Дамуында тежелуі бар балаларға арналған әдістемелер жасау;
5.Құрбан Азиза — Жеуге жарамды ыдыстар.
Байқау барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.