«SHYMKENT» ӘКК МАМАНДАРЫ «ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Шымкентте жаңадан ашылған «Шаңырақ» орталығында «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. ӘКК мамандары кәсіп жүргізу үшін 10 жылға жалға берілетін жер телімдері туралы, жеке кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жан-жақты мәлімет берді.
«SHYMKENT» ӘКК өкілі Эльмира Айтмурзаева мемлекеттік қолдаудың тағы бір құралы – 1 пайызбен берілетін несие алу жолдарын түсіндірді. Э.Айтмурзаеваның айтуынша, «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесінде кез келген қала тұрғыны бизнес идеясын жүзеге асыра алады. Менеджерлер барлық тиісті көмек көрсетіп, бизнес-жоспарды жазуға да жәрдемдеседі. Кепілге қойылатын мүлік болмаған жағдайда «Даму» қорының кепілдендіру құралын қолдану мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, бүгінде қалада сауда нүктесін ашуға ұсынылатын жер телімдерін беру бойынша конкурс ұйымдастырылуда. Бұл конкурсқа шағын сауда нүктесін ашуға арналған 1000-нан астам жер телімдері шығарылған.
1 пайызбен несие алу жас кәсіпкерлер мен кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған. Ер адамдар 21-29 жас аралығында, әйел адамдар 21 ден 58 жасқа дейін қатыса алады. Сонымен қатар, ер азаматтардың жеке кәсіпкерлігін растайтын мемлекеттік куәлігінің тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс, ал әйел кісінің жеке кәсіпкерлер растайтын куәлігінің мемлекеттік тіркеу уақытында шектеу жоқ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.