Шымкентте «Kitap Fest» кітап фестивалі өтеді

Шымкентте алғаш рет республикалық «Kitap Fest» кітап фестивалі өтеді. Тұңғыш Президент күніне орай кітап оқу, кітапқа деген құштарлықты насихаттауға арналған шараны Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ұйымдастыруда.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының баспа үйлері, кітап дүкендері, кітапханалары оқырманмен ашық диалог құрып, пікірлесу алаңшасын да кездесуге дайын.»Қазақ университеті», «Фолиант», «Книжный клуб», «Жебе», «Қызмет газеті», «Шұғыла кітап» баспа үйлері, М. Әуезов атындағы ОҚУ жобалық кеңсесі, «Эрудит», «Қазына» кітап дүкендері мен Шымкент қаласының кітапханалары кітап әлеміне өздеріңізбен бірге саяхат жасамақ, Мәртебелі Оқырман!
Мақсаты — кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, балалардың, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту. Кітап фестиваліне зиялы қауым өкілдерін, жастар, кітапхана оқырмандарын, жоғары оқу орындарының және колледж студенттері мен мектеп оқушыларын, жалпы қала тұрғындарын шақырамыз.
Кітап фестивалінің басты ерекшелігі — заман ағымы қаншалықты алға басса да кітап оқу дәстүрі артта қалмайтының ескеріп, кітаптан нәр алу әрдайым рухани азық екенін жеткізу болып табылады.
Сүйікті авторларыңыздың шығармаларын таңдап, ұл-қыздарыңызға, ата-анаңызға, дос-жаранға ең құнды сыйлық жасауға да мол мүмкіндік беретін кітап мерекесін өткізіп алмаңыз! Апта бойы «Көрме» орталығында есігін айқара ашатын кітап әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.