«ҮЗДІК ЖАСТАР — 2020» ПРЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Жастар премиясы — ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік қолдау, дарынды жастарды дамыту, жыл көлемінде жеткен жетістіктері мен белсене көзге түскен жастарды қолдау мақсатында жыл сайын өтеді.

Ал бұл жолғы байқау 2020 жылдың 27 қараша – 14 желтоқсан күндері аралығында өтетін болады.

«ҮЗДІК ЖАСТАР — 2020» премиясына Шымкент қаласының 14 пен 29 жасқа дейінгі азаматтары 5 бағыт бойынша келесі номинацияларға қатыса алады:

Білім және ғылым саласында:
1. «Үздік жас мұғалім»
2. «Үздік ЖОО студенті»
3. «Үздік ОАОО студенті»
4. «Үздік Жас Ұлан»
5. «Үздік «Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы (төрайымы)»
6. «Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымы»

Мәдениет, өнер және спорт саласына:
7.«Үздік жас ақын»
8.«Үздік актер»
9.«Үздік суретші»
10.«Үздік спортшы»
11.«Үздік пікірсайысшы»
12.«Үздік қолөнерші»
13.«Үздік жайдарманшы»
14.«Үздік жас ғалым (өнертапқыш)»
15.«Үздік шығармашылық ұжым»

Ақпараттық қамтамасыз ету саласында:
16.«Үздік жас фото-тілші»
17.«Үздік жас журналист»
18.«Үздік жас блогер»

Халыққа қызмет көрсету, құқық қорғау саласында:
19. «Үздік мемлекеттік қызметші»
20.«Үздік құқық қорғаушы»
21.«Үздік жас өндіріс маманы»
22.«Үздік кәсіпкер»

Қоғамдық өмір саласында:
23.«Үздік волонтер»
24.«Үздік мәдени волонтер»
25.«Үздік медицина волонтері»
26.«Бейбіт өмір батыры»
27.«Үздік медиа волонтер»
28.«Үздік қоғамдық ұйым»
29.«Корпоративтік волонтер»

Құжаттарды қабылдау 11.12.2020 аяқталады!

☎️ Байланыс телефондары: 8702 — 750-19-31, 8708 – 812-03-00