ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкентте мал шаруашылығы кластерін дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамту — басым бағыттардың бірі. Қалада мал бордақылау алаңдарының саны артып келеді. Бүгінде қала аумағында 100 бастан жоғары ірі қара және жылқы малын бордақылайтын 30-дан астам бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Қазіргі таңда қала аумағында мал шаруашылығын дамытуға ниет білдірген шаруашылықтарға мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау, мал бордақылау алаңдарын құруға консультациялық кеңестер берілуде.

Осы орайда шаhарда 2021 жылға іске қосылатын мал бордақылау алаңдарының құрылыс жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Абай ауданы
Айкөл тұрғын алабына барар жолда орналасқан «К.Наркулов» жеке кәсіпкерлігінде ірі қара мал басының саны — 85, жылқы — 63 басты құрайды. Бұл қожалықтың мемлекеттік бағдарламалар бойынша мал санын көбейтуге несие алу арқылы қора аумағына 300 бас ірі қара және 200 бас жылқы малын бордақылауға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, аталған тұрғын алапта орналасқан жеке кәсіпкер Г.Абдукаримовтың шаруа қожалығы да қарқынды дамып келеді. Жеке кәсіпкер бүгінгі таңда аумағы 3,6 га жерге мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Г.Абдукаримовтың айтуынша, құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында аяқтап, қоражай аумағында 1000 бас ірі қара мал және 500 бас жылқы малдарын бордақылауға арналған орын дайындауды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, Ақтас тұрғын алабындағы «Асыл-жұлдыз» АӨК-ы 2021 жылға мемлекеттік бағдарламалар арқылы Павлодар облысынан мал бордақылауға 200 бас ақбас бұқашықтарды алуды жоспарлап отыр.
Аталған шаруа қожалықтарда мал бордақылау алаңдары іске қосылған жағдайда Абай ауданы бойынша ірі қара мал саны 19 455 басқа, жылқы саны 3986 басқа артады. Сәйкесінше қаламызда өндірілетін ет көлемін жылына 2722 тоннаға, яғни 30 %-ға арттыруға мүмкіндік бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.