ӘЛЕМНІҢ 20 ЕЛІ ҰЛЫБРИТАНИЯМЕН ӘУЕ ҚАТЫНАСЫН ТОҚТАТТЫ

Еуропа дабыл қағып жатыр. Коронавирустың жаңа мутациялық типінің  таралуына байланысты әлемнің 20 елі Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын уақытша тоқтатты. 

Жаңа тип бұрынғымен салыстырғанда 70%-ға жұқпалы және адамды өлімге соқтыруы бірнеше есе көп болуы мүмкін дейді сарапшылар. Ал осы сәтте Ұлыбританияда антирекорд орнап, бір күнде 36 мың адам вирус жұқтырды. Аталған 20 елдің қатарында Нидерланд, Бельгия, Франция, Ирландия, Израиль, Германия, Италия, Литва, Латвия, Эстония, Австрия, Болгария, Түркия, Швейцария, Хорватия, Финляндия, Марокко, Канада, Аргентина бар. Сауд Арабиясы шекараны толығымен жабу туралы шешім қабылдады. Ұлыбританиямен арадағы рейстерді тоқтату туралы мәселе Швеция мен Үндістанда шешілуде.

Сонымен қатар Чехия мен Грекия Ұлыбританиядан келетіндерге міндетті карантин енгізді, ал Испанияда Ұлыбританиядан келгендерде коронавирус тестінің болуын бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.