ДӘРІГЕР ХАЛЫҚ ҚҰРМЕТІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласында коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин республика көлемінде өткізілген «Халық Құрметі» сыйлығының лауреаты атанды.

Байқау жеңімпаздары halyqqurmety.kz порталында халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталды.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханысының қызметкерлері коронавируспен күресте алдыңғы шепте қызмет етіп, қиын кезеңде ерлік көрсетті. Күндіз-түні халыққа медициналық көмек көрсеткен аурухана ұжымы жаңа жыл мерекесі қарсаңында осылайша халық құрметіне бөленіп отыр.

Жұқпалы аурулар ауруханасы осы жылдың 26 наурызынан бастап коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу жұмысын бастаған болатын. Бүгінге дейін мұнда вирусты инфекцияға шалдыққан 5269 науқас емделіп шыққан.

Халық алғысына бөленген Арман Хамзин І санаты дәрігер, 7 жылдан бері жедел жәрдем қызметінде қызмет атқарып келеді, індет өршіген кезде коронавируспен ауырған науқастарға күнделікті медициналық көмек көрсетіп, 300-ге жуық науқаспен жұмыс жасаған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі