ДЕПРЕССИЯ

Барлық адамдар мезгіл-мезгіл жабыраңқы көңіл-күй жағдайында жүреді. Бірақ бұл олардың депрессияға шалдыққанын білдірмейді. Бірнеше күннен кейін олардың көңіл-күйі жақсарып, қалыпты өмірге оралады.

Депрессиядан зардап шегуші адамдар ұдайы жабығу сезімін, айнала қоршаған ортаға қызығушылығының жоғалуын бастан кешеді. Олардың тәбеті нашарлайды, салмағы жоғалады, ұйқысы бұзылады, күнделікті өмірге жұмыла алмай, тұйықталып қалады.

ДЕПРЕССИЯ – КЕҢ ТАРАЛҒАН ЖАҒДАЙ

Депрессия – ең көп таралған психикалық бұзылыстардың бірі. Көптеген адамдар өзінің уайым-қайғысы туралы ешкімге айтпауды жөн көреді, өйткені айналадағылардың өсегінен қорқады. Олар өзінің осындай жабығу жағдайына өзін кінәлі санауға бейім.

Депрессияның зардаптарын жете бағаламауға болмайды. Бұл науқастың бүкіл өмірін бүлдіріп, ауыр мәселеге айналуы мүмкін. Бүгінде оның көрініс беруінің көптеген түрлері ажыратады. Реактивті депрессия «сырттан келгенді» білдіреді. Аурудың мұндай түріне сыртқы оқиғалар түрткі болады, олар емделушінің жағдайын жабырқатып, оны тұратын жерін немесе жұмысын ауыстыратындай халге жеткізеді. Кейбір адамдар басқаларға қарағанда депрессия көріністеріне бейімдірек болады. Бірдей оқиға оларда әртүрлі реакция туындатады.

 

ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ДЕПРЕССИЯ

Депрессияға әйелдер екі есе жиі шалдығады деп саналады. Әйелдер өзінің жағдайын талқыға салу үшін дәрігерге баруға бейім болады. Кейбір әйелдер туудан кейінгі депрессияға ұшырайды. Жүктілік кезінде жоғарылайтын эстроген және прогестерон деңгейі нәрестені дүниеге әкеліп, босанғаннан кейін күрт төмендеп, әйелдердің депрессияға түсуіне түрткі болады. Барлық әйелдердің жартысына дерлігі «аналық хиндра» деп аталатын жағдайдан өтеді; 500 әйелдің біреуі босанған соң бірден депрессияның ауыр түрін басынан өткереді.

Кейбір жағдайларда адамдар күннің және жылудың жоқтығынан қысқы кезеңде депрессия жағдайына түседі.

Депрессияның осы түрі маусымдық аффективті бұзылыс деп аталады. МАБ организмнің күндізгі ырғағын бақылайтын гормонның, мелатониннің деңгейімен байланысты деп болжам жасалады. Қараңғыда ми эпифизі оны жарыққа қарағанда көбірек жасап шығарады.

 

ЕМДЕУ

Егер депрессияның себебі науқастың тіршілік жағдайлары болса, онда оған психотерапия жәрдемдесуі мүмкін. Психотерапевтер емделушілерде жағымсыз ойларды және мінез-құлық жағын өзгертуге жәрдемдеседі. Науқастар өз сезімдерін, жеке басындағы уайымдарын дәрігерге айта және талқылай отырып, өздерін мазалаған сұрақтарға жауап табуға қабілетті. Олар күш-жігерге ие болып, жетіледі, бұл олардың келешек өміріне тірек болады.

Когинивті мінез-құлық бойынша емдеу – емдеудің өте құрылымдық түрі. Дәрігер науқасқа әлемді жан-жақты тануға, жағымсыз ойларды жоюға және өмірдің жағымды жақтарына бейімдеу үшін әлемге көзқарасын қайта өзгертуге жәрдемдеседі.

ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАР

Аурудан құтылуға, әсіресе эндогендік депрессияда, антидепрессанттар жәрдемдеседі. Антидепрессанттар өмірді мидың жүйкелік қызметін ынталандыратын химиялық заттармен ұзартады. Бұлардың әсері 10 күннен кейін сезіле бастайды, бірақ оларды ұзақ уақыт бойы қабылдаған жөн. Дәрілер науқастың жағдайын жақсартуға қабілетті, бірақ ең алдымен депрессияның себебін анықтаған жөн.

КҮЙЗЕЛІСТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Депрессияны бастан кешкен адамдарға ол қайтып соқпас үшін қолдан келгеннің бәрін қолданған жөн. Ол үшін күйзеліске жол бермеу керек. Жақсы теңдестірілген ем-дәм, дұрыс ұйқы және дене жаттығулары барлық күйзеліс жағдайларына қарсы тұруға жәрдемдеседі. Депрессиямен күресу үшін жұмыс, үй және жеке бас арасындағы теңгерімді үйлестіру маңызды.

ДЕПРЕССИЯМЕН КҮРЕС

Кейбір депрессияға бейім адамдар мұнымен күресуде үйдегі сүйікті хайуанаттары жәрдемдеседі деп есептейді. Оларға күтім жасау науқастың көңіл-күйін көтереді. Көптеген үй жануарлары күйзелістен құтылуға көмектеседі. Мысалы, үйдегі  сүйікті жануарымен қарым-қатынас депрессияны тамаша емдейді.

Депрессияны жаттығулардың жәрдемімен де жеңуге болады, олар мидағы эндорфиндер деңгейін арттырады. Эндорфиндер көңіл-күйді көтереді және ауруды табиғи түрде басуға көмектеседі.

 

«Егде жастағы денсаулық» кітабынан