УИНСТОН – САЯСАТКЕР

Черчилльдің тұтқыннан қашып шығуы ағылшындар үшін Оңтүстік Африкамен соғысқан алғашқы айларда ең бір жағымды жаңалықтардың қатарынан саналған. Оның Дурбанға келуін шаттанып, жайраңдап, шабыттанып қарсы алды. Қуанышты топ оны иықтарына салып алып, ратушаға апарды (ратуша – бірқатар елдердегі қалалық басқарушы орын), ол өзінің басына кешкен оқиғаны шешендікпен жеткізе айтып берді. Кейін Черчилль осынау сәттің өзін керемет рахатқа бөлегенін жасырмады.

Черчилльді 1900 жылы  парламентке сайлады, бірақ оның халықтың әл-ауқатын көтеру туралы «социалистік» идеялары консерваторлар арасынан қолдау таппады. Көпшілігі оның 1904 жылы либералдар қатарына өтуін кешіре алмады. Ұзамай Уинстон Черчилль жоғары лауазымды иеленді. 1908 жылы үйленер алдында ол министр және Министрлер кабинетінің мүшесі еді.

Бұл кезде Оңтүстік Африкада соғыс әлі аяқталмаған болатын, 1900 жылы  қаңтарда ол генерал, сэр Рэдверс Буллерден Оңтүстікафрикалық жеңіл атты әскердің әскери қызметіне лейтенант рангасы шеніне түсу туралы ұсынысын қабыл алды. Черчилль әлі қоршауда жатқан Ледисмитке жөнеп кетті.

Бұл кезеңде Черчилльдің Суданда көрсеткен ерлігінен кейін әскери ведомстваның бұйрығына орай, әскери міндеттегі офицердің әскери репортер болып өзінің алатын айлығын көтеруіне тыйым салынған еді. Черчилль «Morning Post» корреспонденті деген мәртебені сақтап қалу үшін ақысыз жұмыс істеуге келісті. Ол әскери қызметтің төлейтін еңбекақысын ойлап бас қатырып жатпады: бұл жолы ол үшін ақша соншалықты маңызды емес еді.

1908 жылы сәуір айында Манчестерде өткен сайлаушылар компаниясында Черчилль үшін өзінің шешендік шеберлік қасиетін көрсетудің тамаша сәті түсті. Оның бойында театр актерлеріне тән баурап алушылық қабілет болатын, сонымен бірге тілге де шешен, елдің есінде қаларлық қанатты сөздер де айта білетін.

Черчилль 1901 жылы депутат болып сайланды. Бұл оның кейін 64  жылға созылған парламенттегі қызметінің баспалдағы болды.

Черчилль өзіне әскери тілші деген ат иеленуді ойлады. Журналистика оған екі әскери айлыққа тең кіріс әкелді. 1900 жылы жарық көруі тиіс «Саврола» романын және Оңтүстікафрикалық соғыс туралы «Претория арқылы Лондоннан Ледисмитке дейін» деп аталатын кітабын жазып жатқан еді.

Черчилль Британ әскери күші жеңіске жететіні әбден айқын болғанша, әскери кампанияларының Британияның ұлттық мақтаныштарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталмайтынын түсінді. Ол 1900 жылы ақпанның аяғында Ледисмитті алуға қатысты, ал үш ай өткен соң түптің түбінде бурларды біржола жер жастандырған Трансваальге басып кіріп, бурларды жаныштаған шайқасқа да қатысты.

 

ЖАСЫРЫН ЛИБЕРАЛ

Черчилльдің Оңтүстік Африкадағы әскери қызметі 1900 жылы 7 шілдеде аяқталып, ол Кейптауннан үйіне оралды. Оның көптен күткен және барлық бүге-шүгесіне дейін ойластырылған саяси өмірі енді ғана басталған. Осыдан бір жыл бұрын Черчилль өз кандидатурасын ұсынып, бірақ орын ала алмаған қосымша сайлаудың Олдхэмдегі консервативті сайлаушылары оны өздеріне қайта шақырды. Бұл дерде бурлармен соғыстың әсерінен «хаки таңдауы» деген атау иеленген Хаки таңдауы өткізілді. Черчилль Олдхэмдегі даулы болған екі орынның бірін иеленіп, 1901  жылы 14 ақпанда Қауымдар палатасына келді.

Ал 18 ақпанда «Daily Exspress» басылымы «қатысушыларды еріксіз арбап алды» деп баға берген алғашқы сөзін сөйледі. Ең танымал «Punch» журналының Черчилльдің сөздеріне әсерленгені соншалық, өздеріндегі парламенттен берілетін арнайы репортажды түгел сол Черчилльдің сөйлеген сөзіне арнады. Черчилльдің орнынан тұрып, әлдене айтпақшы болғаны туралы хабар талқылаудан бұрын Қауымдастықтық палатасына ұшып өтті.

Черчилль парламентке кіріскеннен кейін бар-жоғы бір жылдан соң саяси карикатуристердің назарын өзіне аудара бастады. Олар оның сәбиге тән бет-әлпеті мен толықша келген дене пішінін өздерінің өнері үшін «сыйлық» деп қабылдады, дегенмен оның сол кезде саяси қызметі гүлдене бастағаны айқын байқалатын. Черчилльдің мінезінің тұрақтылығы мен табандылығы, Гитлердің әскери ықпалына бағынбаушылығы көбіне оны бірбеткей британ бульдогі кейпінде бейнелеуге ықпал ететін.

 

(Жалғасы бар)

Үзінді «Черчилль. Ерекше тағдыр…»

 жарқын белестер кітабынан алынды.