ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚҚАННАН КЕЙІНГІ ӨМІР

Көптеген зейнеткерлер үшін анық қанағаттану, рахаттану кезеңі басталады. Бүкіл өмір бойы табыс тауып, балаларын тәрбиелеу жауапкершіліктерін мойнымен көтереді. Енді олар бос және кезінде жұмыстан ертерек кетуді асыға күткен болса, енді демалатын уақыттың келгенін және бұл олардың күткеніндей керемет бола қоймайтынын да ұғынады.

 

ДАҒДЫЛАНУ КЕЗЕҢІ

 

Зейнетке бейімделу кезеңі әр адамда әртүрлі өтеді. Біреулер жұмыс істемейтіндер тобына оңай өтеді, ал кейбіреулері табыстарының азайып, әлеуметтік жағдайы өзгеретін уақытты үреймен күтеді. Үшінші біреулері үшін жұмысқа толы күн тәртібінен айрылуға қорқады. Мұндай адамдар бұл проблеманы, ең алдымен, олардың жұмысын мүлдем тоқтатпас бұрын, біртіндеп толық емес жұмыс күніне көшу арқылы шешуіне болады. Сонымен бірге, бұл өтпелі кезең адамның жұмыстан кетуі жанына батпайтындай басқа жаңа жұмыстар мен әуестіктер табуына уақыт береді.

 

ОТБАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

 

Ұзақ жыл бірге тұрған отбасыларында зейнетке шыққаннан кейін, екеуі де жұмыста болған кездегідей емес, 24 сағат бойы бірге болуына тура келеді. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін толық білмейтіндігі байқалады. Ал уақыты келгенде күні бойы бірге болуы, олардың бұрын байқалмаған қылықтары, дағдылары бір-біріне ұнамай, ашу тудыратындай күйге де жеткізуі мүмкін. Кейбір зейнеткерлердің отбасына біршама тәуелді болуы қиынға соғады.

Бәрібір ерлі-зайыптылардың көбісі зейнетке шығуды олардың бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік деп қабылдайды, күндерін бірге өткізіп, шұғылданатын жаңа бір шаруалар іздеп табады.

 

ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАРДЫ ЖОСПАРЛАУ

 

Зейнетке шыққаннан кейін адамдар өмір сүруге жұмсалатын қаражаттарының азаятыны себепті уайымға батады. Сондықтан қызметті бастаған кезден-ақ зейнетке шыққаннан кейінгі өмірін алдын ала ойластырып қойған жөн.

Зейнеткерлердің шығындары жұмыс істейтін адамдармен салыстырғанда көп болмайтынын да ескерген жөн. Әдетте, бұл кезде балалары өз бетімен өмір сүреді; зейнетке шыққаннан кейін күнде жұмысқа бару, түскі тамақ ішу және киіну үшін ақша жұмсауға қажеттілік болмайды. Бұл уақытқа дейін көптеген зейнеткерлер несиелерін төлеп бітіреді және өз баспаналары болады.

 

ӨМІРДЕ ЖАҢА МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ

 

Өзінің өмірдегі жоспарларын  қайта құрып, алдына жаңа міндеттер, мақсаттар қою, шұғылданатын жаңа іс табу зейнеткерлердің одан арғы өміріне оң ықпалын тигізеді. Керісінше жағдайда, өмір бірсарынды және мәнсіз болуы мүмкін. Ал бұл  өзінің күшіне сенімсіздікке және селқостыққа әкелуі мүмкін.

Өзінің дамуын тоқтатпау әрі қарай белсенді, толыққанды өмір сүруіне кепіл болады.

 

ОҚУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ

 

Білім алуды жалғастыру – бұл да алдына мақсат қойып, оны жүзеге асыру тәсілдерінің бірі. Жоғары білім алып үлгермеген адамдар жас кезінде жіберіп алған мүмкіндіктеріне, яғни университетті бітіруге енді қол жеткізуі мүмкін.

Өмір бойы қоғамдық ғылымдармен немесе өнермен шұғылданғандар енді өз мүмкіндігін жаңа салада сынап көруі мүмкін. Кейбір зейнеткерлер ересектерге арналған арнайы курстарға барады немесе дистанциялық түрде, яғни қашықтықтан оқиды.

Бос уақыт мезшілінде жүзеге аспаған, мысалы, әдебиеттерді оқу немесе сурет салу сияқты жаңа қызықты істермен немесе еліктіретін ермектермен айналысуға мүмкіндік береді.

 

ОТБАСЫЛЫҚ МӘРТЕБЕДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

 

Зейнет жасының тағы бір артықшылығы, көп уақытын отбасымен және достарымен өткізуге мүмкіндік береді. Уақытын немерелерімен бірге өткізу зор бақытқа бөлейді. Ата немесе әже болу адамның өміріне жаңа мағына береді.

Ол келешегін ойлай бастайды және өзінің балалық шағы, ата-анасы, ата-әжелері туралы естеліктерден ғажап сезімге бөленеді. Балаларды  тәрбиелеу жауапкершілігі ата-аналарының  мойнында, ал ата-әжесі мен немерелерінің арасында еркіндеу қарым-қатынас қалыптасады, бұл үлкендер үшін зор қуаныш.

 

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МҮМКІНДІГІ

Зейнетке шығу өз денсаулығымен айналысуға, салауатты өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді және мұның егде жаста да жағымды әсері мол.

Дұрыс таңдалған және қауіпсіз дене жаттығулары барлық адамдарға пайдалы. Теннис, жүгіру немесе аэробика физикалық дайын емес адамға қиынға түсуі мүмкін, бірақ жаяу серуендеу және жүзу егде жастағы адамдар үшін дене белсенділігінің тамаша түрі болып табылады.

Жаттығулар мен дұрыс тамақтанудың арқасында денсаулықты сақтау зейнет жасында өмірдің рахатын көруді қалайтын адамдар үшін қажет. Дені сау және белсенді адамда бұған барлық негіз бар.

 

(«Егде жастағы денсаулық» кітабынан)