100 ТҮРЛІ ДЕРТКЕ ШИПА БОЛАР ШӘЙ

Египеттің сары шәйі деген атпен танымал «хельбаның» денсаулық үшін пайдасы ұшан-теңіз. Ол туралы ғалымдар «Егер адамдар хельбаның қаншалықты пайдасы бар екенін білгенде, оны алтынның құнындай бағамен сатып алар еді», — деген. 100 түрлі дертке шипа болар ғажайып шәйді әлі көпшілік жете тани бермейді. Сондықтан, ақпар бере кеткенді жөн көрдік.

Хельба – бір жылдық өсімдік, биіктігі 60-70 см. Египет, Араб елдерінде өседі, ем ретінде кеңінен қолданылады. Иммунитетті көтереді. Құрамында ақуыз бен көмірсу көп мөлшерде. Калий, фосфор, магний, темір, кальций, А,С,В1,В2 дәрумендері бар және балық майының құрамына өте ұқсас.

Дәстүрлі қытай медицинасында хельба Hu Lu Ba деген атаумен белгілі. Қытайлық емшілер оны грыжадан арылту, зәр шығару жолдарының, бүйректің, бұлшықет ауруының, ерлердің әлсіздігіне, ішек аурулары мен өкпе ауруларына, жыныс инфекцияларына, іш қатуға, атеросклерозға, холестеринді төмендетуге және экспекторант және қабынуға қарсы препарат ретінде қолданды. Ал Үнді дәрігерлері жараларды емдеуге, әйелдер денсаулығын нығайтуға пайдаланған.

Араб дәстүрлі медицинасында хельба негізгі дәрілік заттардың бірі болып табылады. Арабтардағы хельбаның пайдалы қасиеттері әртүрлі аңыздарда және олардың ортағасырлық ғалымдарының мәтіндерінде келтірілген. Осылайша Абу Али Ибн Сина (Авиценна) бұл өсімдік туралы былай деді:

«Хильба кеудедегі ауырсынуды басады, жөтел мен астманы емдейді, әсіресе, балмен қолдану әсерін күшейтеді. Егер сіз оны алма сірке сірке суында қайнатсаңыз, онда асқазан мен ішек жарасын емдеуде өте пайдалы. Ал, жәй суда қайнату диареяны емдейді. Хильба майы асқазан жараларына қарсы қолданылады. Сондай-ақ, хильба өзінің ішкі қасиеттері мен ерекше хош иісі арқасында тәбетті ашады.

Бір ас қасық хильба дәнінің құрамында 6.4 грамм көмірсу, 2.7 грамм клетчатка, 2.5 грамм ақуыз, 0.7 грамм май, 32.6 миллиграмм фосфор (күнделікті норманың 3%), 21 миллиграмм магний (күнделікті норманың 5%), 3.7 миллиграмм темір (күнделікті норманың 20%), 0.1 миллиграмм марганец (күнделікті норманың 7%), 0.1 миллиграмм мыс (күнделікті норманың 6%), 0.1 миллиграмм B6 дәрумені (күнделікті норманың 3%) бар.

Хильба жүрек-қантамыр жүйесі үшін де пайдалы, әсіресе, атеросклероз кезінде. Үнді зерттеушілері инсулинге тәуелді емес адамдардың күніне екі рет 2.5 грамм хельба тұқымын қолдану холестерин мен қандағы триглицеридтердің айтарлықтай төмендеуіне әкелетінін анықтады.

Әйелдер денсаулығына тигізер айрықша пайдасы үшін кей ғалымдар «әйелдер шайы» деп те атаған. Құрамында фитогормон диосгенині бар, ол әйел гормонының эстрогенін алмастырады.

Ерекше есте сақтар жайт: Хильбаны жүктіліктен тыс кезде ғана қолдануға болады. Әйтпесе, қан кету, сондай-ақ жүкті әйелдерде түсік түсіру мүмкін. Ал, емізетін аналар үшін сүт көбейтетін қасиетке ие.

Дайындау үшін бірінші оны салқын, таза суға жуып аламыз. Содан кейін 2 ас қасық хельба дәнін жарты литр суға салып, 5-7 минут көлемінде қайнатамыз. Шайдың дәмін жақсарту үшін өзіңіздің қалауыңыз бойынша имбирь, лимон, бал қоссаңыз болады.

Ағылшын ғалымы Клебер: «Егер де таразының бір жағына барлық дәрі-дәрмектерді қойып, екінші жағына хельбаны қойсақ, таразының екі жағы тең болар еді», – деп айтқан.

Нұрила БАТЫРБЕКҚЫЗЫ