ШЕРЗОД ХАШИРБАЕВ ФРИСТАЙЛ АКРОБАТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Шымкент қаласының спортшылары фристайл акробатикадан халықаралық турнирде бір алтын, бір қола жүлде жеңіп алды.

Ақпан айының 13-14 күндері аралығында АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтті. Аталған додада Шерзод Хаширбаев, Ильдар Бадрутдинов, Аяна Жолдас сынды жерлестеріміз бақ сынады.

Хаширбаев 95.17 ұпай жинап, алтын жүлдегер атанды. Күміс медаль канадалық Эмиль Надоның, қола жүлде америкалық Эрик Крюгердің еншісінде. Аяна Жолдас жетінші, Ильдар Бадрутдинов сегізінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, 12-13 ақпан аралығында Красияда (Украина) Еуропа Кубогының кезеңі бәсекесі өтті. Қазақстан Ұлттық құрама команданың мүшесі, Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті Нұрлан Батырбаев 74,03 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі