1 ТОЛЫҚ БАК = 1 АҒАШ

Зияткер оқушылардың және қаламыздың @newwave_club эко клубының бастамасымен бүгін экологияны жақсарту мақсатында, қайталама шикізатты жинауға арналған алюкобондтты бактар орнатылды.
Бұл жобаның басты идеясы Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің үздік оқушылары Кеңесбек Нұрсәт пен Ислам Зинаэнурға тиесілі.

Бүгінгі күні аталмыш бактар қаламыздың 3 нүктесіне: Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы, Шымкент қаласы З.Космодемьянская атындағы №23 мектебіне және Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне орналастырылды. Макулатура мен пластиктің орнына ұйымдардың аумағында ағаштар отырғызылады (толық бак = 1 Ағаш)

Пластик пен қағаз қалдықтарын бөлек сұрыптауға мүмкіндік беретін бұл бактар қала тұрғындарын экомәнедиеттілікке баулитындығына кәміл сенеміз. Алдағы уақытта @newwave_club эко клуб еріктілерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы З.Космодемьянская атындағы №23 мектебінің орта сынып оқушыларына экология бойынша және бактарды қалай қолдану керектігі жайында қысқаша түсіндірме жұмыстарын өткізу жоспарлануда.