4-6 мамыр күндері Шымкентте газ болмайды

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Шымкент қаласында 2021 жылдың 4-6 мамыры аралығында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ-ы мәліметіне сәйкес, күзгі-қысқы дайындық жұмыстарын және Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысындағы жолайрығының құрылысын жүргізу жұмыстарына байланысты бірқатар шағынаудандар мен тұрғын алабтарда, көшелереде табиғи газ уақытша өшіріледі.
Табиғи газ уақытша өшірілетін
мекен-жайлар мен нысандар:
• 4-5 мамыр ПГБ-119,120 Рысқұлбеков, Бекбосынов, Өтепов, Қаныбеков, Тоғысбаев, Өтеген батыр, Байтұрсынов, Қонаев, Рысқұлов, Жандосов, Шаймерденов, Құрманғазы, Перова, Лихачева, Байзақұлы, Верещагина, С.Азима, Сарықұлов, Тәжібаев, Уәлиханов, М.Мәметов, Дулати, Қазыбек би, Диваев, Тәшенов, М.Қожа, Сапарбаев, Майдантал, Шевченко, Толстой, Төреқұлов, Орынбаев, Похомова, Адырбеков, Дружба народов, Асанов, М.Гвардия, Известия, Жібек жолы, Ақпан батыр, Тимирязев көшелері, ПГБ-110 Наурыз ш/а;
• 04.05.2021ж. Павлов көшесі №2,4 үй, Исмаилов көшесі №20,22,24,26 үй (5 көпқабатты үй (КҚҮ), 240 пәтер);
• 04.05.2021ж. Құрманбеков көшесі (бұрынғы Тверская) №3,5 үй (2 КҚҮ, 60 пәтер), «Көз емханасы» (Глазная поликлиника), «Роща» аурухнасы, СЭС (Абай ауданына қарасты);
• 04.05.2021ж. Толстой көшесі №67 үй, Ақпан батыр көшесі №71 үй (16 жеке үй, 2 көп қабатты үй (160 пәтер);
• 05.05.2021ж. Сайрам көшесі №3,5 үй, Қазанғап-ақын көшесі №2/1 үй (6 КҚҮ үй, 360 пәтер);
• 05.05.2021ж. Қабанбай батыр көшесі №12 үй (6 КҚҮ, 320 пәтер);
• 05.05.2021ж. Анаров көшесі №4,6 үй ШРП-2070 (3 жеке үй);
• 06.05.2021ж. Қабанбай батыр көшесі №4,6 үй (КҚҮ 3 үй, 180 пәтер).