ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕКПЕ ЕГУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСЫНДА

Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін 82 020 адам коронавирусқа қарсы «Спутник-V» екпесінің 1-компонентін қабылдаған. Сонымен қатар, 22 ақпаннан бастап ревакцинация өткізілуде, барлығы 19 491 адамға салынды. Ал 25 сәуірден бастап, отандық «QazVac» екпесін егу жұмыстары басталды. Ол 723 адамға 1 компонентпен егілді. Жалпы Түркістан облысы екпе егу бойынша республикада көш басында.
«Түркістан қаласында жалпы 10 вакцинациялау пункттері ұйымдастырылды, оның ішінде облыстық департаменттер үйінде мемлекеттік қызметшілерге егу пункті ашылған. Вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттары сақтала отырып, жалпы 80 егу пункттерінде вакцинация жасау жоспарланған. Бүгінгі танда, барлық пункттерде коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салынуда», — деді облыстың бас дәрігері Марат Орынбасарұлы.