СПОРТШЫҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бойжеткендер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Шымкент қалалық №5 кәсіпқой бокс түрлері клубының шәкірті Дана Дидайға сый-құрмет көрсетті. Ол бокстан Польшаның Кельце қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде  күміс жүлдегер атанды.

Мақсұт Пернебайұлы спортшы мен оның бапкерін жеңісімен құттықтап, спорт саласында аянбай еңбек етіп, елдің намысын қорғап жүргені үшін алғысын жеткізді.

75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дана Дидай финалда үндістандық Санамача Токчоммен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлесіміз 2:3 есебімен есе жіберді.