Елбасы Түркістандағы бірқатар нысандарды аралады

Қазақстан Президенті Түркістан қаласындағы кітапханадағы роботтандырылған техника зертханасының жұмысымен танысты, сондай-ақ сирек кітаптар мен манускриптер бөлімін көрді.
Анықтама үшін:
«Farab Library» кітапханасы – заманауи құрылғылармен және озық технологиямен жабдықталған көпфункциялы білім беру кешені. Бұл жерде 480 мың кітапқа арналған кітап сақтау орны, цифрландыру, консервациялау және реставрациялау зертханасы, 400 адамға арналған дәріс залы, көрме атриумы, FabLab цифрлы шеберханасы, музыкалық зертхана, фото және видеотүсірілімге арналған мультимедиа залы, 3D модель жасайтын проекция залы, каллиграфия және қыш өнері студиясы, конференция өткізуге лайықталған залы бар коворкинг, компьютер сыныбы, сирек кітаптар мен манускриптер залы орналасқан.
Елбасы «Керуен-Сарай» көпфункциялы туристік кешеніне барды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Алтын Самұрық» ұшатын театрына барып, театрландырылған судағы шоуды тамашалады.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың келуіне орай «Қыз қуу» театрландырылған көрінісі көрсетілді.
Анықтама үшін:
Кешен «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 117,6 мың шаршы метр.
«Керуен-Сарай» кешенінде «Жібек жолы» дәуірінен сыр шертетін саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр», ат ойындарын өткізетін амфитеатр, шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақүйлер мен мейрамханалар, SPA және фитнес орталық, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Олардың бәрі бір-бірімен су арналары арқылы жалғасып жатыр.