1 428 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗДАРЫ ТӨЛЕНДІ

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов еңбек қатынастарының жағдайы және еңбек заңнамасына енгізілген өзгертулер туралы баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 369 өтініш түскен. Өтініштерді қарау барысында 59 тексеру жүргізіліп, 64 заң бұзушылық анықталған. Заң бұзушылықтардың негізінде 37 нұсқама берілді.

– Еңбек қатынастары саласында тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қала кәсіпорындарына талдау жүргізілді. Бүгінде 5 кәсіпорында 90 жұмыскерге 15 млн теңге жалақы қарыз қордаланып отыр. Жыл басынан бері 26 кәсіпорындағы 1 428 жұмыскердің 122,8 млн. теңге көлемінде жалақы қарыздары төленді. Қаладағы белсенді жұмыс атқарып отырған 16 204 заңды тұлғаның 1395-і (8,6%) ұжымдық шарттар түзген, – деді басқарма басшысы.

Есепті кезеңде 9 жазатайым оқиға тіркелді: 14 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болды. 2018, 2019, 2020 жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеу динамикасында.

Сондай-ақ, басқарма басшысы еңбек заңнамасына енгізілген бірқатар өзгерістерді атап өтті. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жіберуші тараптың қызметкерлеріне жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары, жоғары лауазымдық айлықақылар немесе қосымша ақылар төлену көзделіп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.