ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ТАСЫМАЛДАУ УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкентте жолаушылар көлігі саласын оңтайландыру жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, қоғамдық көлік саласындағы қызмет сапасы да дұрыс жолға қойылып келеді.

Солардың бірі жолаушыларға қолайлы болу үшін Шымкентте №27, 35, 74, 84, 103 маршруттардың жұмысы сағат 07:00-дан 22:00-ге дейін ұзартылды.

Аталмыш маршруттар бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар және багажды тасымалдау қағидасына сәйкес және Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы негізінде 21 маусымнан бастап « T-Bus » ЖШС-гі қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, мегаполисте 77 бағыт бойынша, 880 қоғамдық көлік бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі