ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕР ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қанат Хайрғалиұлы Мылтықбеков Түркістан облысы жер инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қанат Мылтықбеков 1984 жылы 14 сәуірде Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Мамандығы-заңгер. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласы соттар Әкімшісінің сот орындаушысы болып бастаған. 2009 жылы Алматы қаласы Соттар әкімшісінің №2 Бостандық аумақтық бөлімінің сот орындаушысы, 2010 жылы — Астана қаласы соттар Әкімшісінің сот орындаушысы, Астана қаласы соттар Әкімшісінің Есіл аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы, 2011 жылы-Астана қаласы сот актілерін орындау департаментінің Есіл аумақтық бөлімінің бөлім бастығы-аға сот орындаушысы болып жұмыс істеді. 2012 жылы СҚО сот актілерін орындау департаментінде, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы лауазымдарында қызмет еткен. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметінде болды. Сонымен қатар СҚО Ақжар ауданы әкімінің аппаратында, СҚО әкімдігінің Тайынша ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. болып қызмет етті. 2013-2014 жылдары СҚО әкімдігінің Тайынша ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы орынбасарының м.а., Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары, Түркістан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2016-2019 жылдары аралығында Түркістан қалалық әкімдігі аппаратының басшысы, 2019 жылдан бері Төлеби ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі