ШЫМКЕНТТЕ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТКЕН 3 КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Биыл Шымкентте 10 кітапханаға модернизация жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Алғашқы кезеңде 6 кітапхананы, ІІ-кезеңінде 4 кітапхананы тапсыру көзделген.
Бұған дейін І-кезеңге жоспарланған 3 кітапхана ашылған болса, бүгін елорда күніне орай қалған 3 кітапхананың жөндеу жұмыстары бітіп, ел игіліне берілді.
Кітапханалар заманауи үлгіде жаңғырып, ішінен Book Cafe, Coworking Center, шахмат клубы, Relax room бөлімдері ашылды.
Балалар кітапханасы мен Абай кітапханасының екі филиалының жаңғыруы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап, білімді ұрпақты тәрбиелеуде бір қадам алға басты деуге болады.
Еске сала кетсек, ІІ-кезеңге жоспарланған 4 кітапхананың модернизация жұмыстары күз айларында жүргізілмек.