БЕРІК УӘЛИ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы — Берік Уәли республикалық «Құсбегілік» федерациясының президенті болып тағайындалды
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық «Құсбегілік» федерациясының басшылық құрамына өзгерістер енді.
Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, республикалық «Құсбегілік» федерациясының президенті – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті болып Берік Уәли тағайындалды.