Токио Олимпиадасы тікелей эфирден көрсетілетін болды

Токио Олимпиадасы тікелей эфирден көрсетілетін болды!!!
XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөз аяқталды.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын алды.
Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Әлемдік сайыста Қазақстан құрамасынан спорттың 27 түрі бойынша 96 спортшы бақ сынайды. Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.