ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕЛЕРГЕ QR КОДЫ БАР ТАҚТАЙШАЛАР ІЛІНУДЕ

Цифрлы Қазақстан жобасы аясында Шымкент қаласы Әл-фараби ауданында атауы заңдастырылған 45 көшеге 4321 дана QR коды бар тақтайша ілу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2020 жылы аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлерге және 75 көшеде орналасқан 2380 жер үйлерге «QR-код» және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшаларды орнату жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік Әл-Фараби ауданында жалпы 404 көше бар. Бүгінде аудан аумағында атауы берілмеген көше қалған жоқ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі