ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1440 АДАМ «БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНШЫ ОҚЫДЫ

Шымкент қаласында халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында алдымен жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жүйелі жүргізілуде.
Осыған орай «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл 21 841 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2021 жылдың 1 жарты жылдығында нақты 12 654 адам жұмыспен қамту шарасына қатысты.

2021 жылдың 6 айында 1440 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жіберілді, 21 адамға шағын несие, 584 адамға мемлекеттік грант берілді, 4279 адам бос жұмыс орындарына, 211 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1078 адам жастар практикасына, 2825 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасты.

Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі