ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Еңбекші ауданының ұйымдастыруымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында жастар арасында футболдан турнир өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді.

Футбол — бұқаралық спорт түрі. Тарих тым әріде. ХІІ ғасырдан басталады. Алғаш Англиялықтар дамытқанымен, бүгінде бүкіл әлем «теңбіл допты» тебеді немесе көреді. 1908 жылдан бері олимпиадалық ойындар тізімінде. Күн сайын қарап, жаңалықтарын қалт жібермей отыратын жанкүйері де жетерлік. Сондықтан, жастардың футболға деген қызығушылығын қолдап, ынталандыратын осындай іс-шаралардың маңызы зор.

Ойын соңында белсенді деп танылған жастарды алғыс хаттармен марапаттап, футболкалар тарту етті.