ТӘҢІРДЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ СЫЙ

Бүгінгі Тәуелсіздік халқымызға оңай келе қойған жоқ. Елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғаған ата-бабаларымыз бен батырларымыз. Тар жол, тайғақ кешуден өтіп, талай зиялы қауымымыз зұламат жылдардың құрбаны болды. Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жылға жуықтады, біз сол тәуелсіздік жолымен келеміз. Бұл — әр күні жылға, әр жылы ғасырға тең жасампаздық дәуіріміздің бастауы десек, қателеспейміз.

Тәуелсіз еліміз ширек ғасыр уақытта талай дағдарыстардың қиындықтарына қарсы тұрып, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізе алды.

Тәуелсіздік — қазіргі таңдағы тарихтан қалған ең асыл сыйымыз. Бүгінде Қазақстанды өзінің дербес ел болғандығын бүкіл әлем мойындап отыр. Санасатын, маңызды шешім қабылдар алдында ақыл-кеңес сұрасатын дәрежеге жеттік. Азияның кіндігінде орналасқан осы біздің жерімізге сонау замандарда кімдердің аяғы баспаған. Талай жау халық санасын улап, жерімізді басып алмақ та болды. Дегенмен, батырларымыздың көзсіз ерлігі мен ел бірлігінің арқасында бұл қиындықтардан аман-есен өте алдық.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.