«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Кез келген мемлекеттің экономикасының дамып, ілгерілеуіне ондағы шағын және орта кәсіпкерліктің алатын үлесі айрықша. Сондықтан да болар, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекетіміз кәсіпкерлерге өз ісін дамыту үшін барынша қолдау көрсетіп, бағдар беріп келеді. Елдегі бизнесті дамыту үшін көптеген бағдарламалар жасалып, іске асырылуда. Соның бірі — «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйі мен даму деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері орасан зор.

 

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.