ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГІ: 1998 ЖЫЛҒЫ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ

1998 жылғы экономикалық дағдарыс біздің жас еліміздің және оның қаржы жүйесінің беріктігіне өзінше бір сынақ болды. Дүниежүзілік қаржы нарығындағы болған ғаламдық өзгерістердің нәтижесінде, бірқатар елдердің – Қазақстанның сауда әріптестерінің ұлттық валюталары біршама құнсыздануға ұшырады.

Сол уақытта Г. Марченко басқарған Ұлттық банк дәл дағдарыс кезеңінде теңгені құнсыздандырудың қажеті жоқ деген позицияны ұстанды. Қазақстанда жеткілікті түрде қор бар еді, дағдарысты ауыздықтау үшін оның бір бөлігін жұмсауға дайын еді. Солай болып шықты да.

Теңгені құнсыздандыруға байланысты жұмыстар 1998 жылы қыркүйекте-ақ іске асырыла бастаған-ды. Соның арқасында, теңгенің өзгермелі еркін айырбас курсының режиміне өтуі ойдағыдай іске асырылды.

Елбасы өз кітаптарында ол жайлы: «Біз валюта нарығын қолдау үшін сәуірде уақытша экспорттан түскен табыстың 50%-ын сату сияқты шараны енгіздік те, оны сол жылғы қарашаның ортасында тоқтаттық. Сонымен қатар халықтың теңге түріндегі салымдарын және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктерге салған депозиттерін, сол сияқты зейнетақы қорларының теңге түріндегі активтерін қорғауға барынша күш салдық» деп еске алады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, жаңа валюта саясатына көшу тыныш жағдайда өтті, банк жүйесі тұрақты қызмет жасап тұрды. Айырбас пункттеріндегі теңгенің курсы бірнеше күннің ішінде тұрақтанып үлгерді.

1998 жылы ресейлік қаржы дағдарысы басталған уақытқа таман Қазақстанның дайындығы көбірек болды: теңге бір жылдың ішінде бар-жоғы өз құнының жартысын ғана жоғалтты. Ұлттық банк өзінің орнықты жүргізген саясаты арқасында Парламенттің, кәсіпкерлердің және үкіметтің көз алдында беделге ие болды.
«EuroMoney» жорналы (Ұлыбритания),
«Қазақстан кереметі», 1 сәуір 2004 жыл