ЕЛБАСЫ ЖЕТІСТІГІ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ АМНИСТИЯНЫҢ ПАЙДАСЫ

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы біздің нарық институттарымыздың әлсіздігінен, пәрменді заңнамалық актілердің болмауынан, Қазақстаннан сырт жерлерге, 1,2-ден 2 миллиардқа дейін АҚШ долларының астыртын кетуіне мүмкіндік туғызды. Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейде бұл сома 40-50 млрд. АҚШ долларына жететін еді. 1999 жылы Қазаөстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі көлегейлі сектордың көлемін жалпы
ішкі өнімнің 20-25%-ына тең деп бағаласа, ал тәуелсіз сарапшылар бұдан да көп цифрды атап, жалпы ішкі өнімнің 45-50%-ына дейін апаратын.

Көлегейлі айналымда осындай үлкен соманың болуы биліктен еліміздің экономикасын дамытуға қажетті осы капиталды елге қайтару үшін жағдай туғызуды талап етті. Экономикалық амнистия жүргізудің қажеттігі туып келе жатты.
Экономикалық амнистия Қазақстан Республикасы азаматтарының бұдан бұрын декларацияда көрсетілмеген және ашық экономикалық айналымнан шығарып жетілген ақшаларына тек бір рет қана болатын заңдастыру деп ойластырылды. Осы аталған акцияның мәні тұлғалардың өздері заңды түрде тапқан, бірақ үлкен салықтарға байланысты заңдастырылмаған капиталдарын заңдастыратын болса, салықтан және жауапкершіліктен босатылатындығында еді.

2001 жылы сәуірдің басында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына ақшаларын заңдастыруға байланысты амнистия жасау туралы» Заң қабылданды. Заң тетігі мынада еді. Қазақстан азаматтары ақшаларын салымдардың ұжымдық кепілдігі жүйесіне кіретін, екінші деңгейдегі банктердің, арнайы
есеп шоттарына салулары немесе аударулары тиіс болды (заңдастыру кезеңінде оларды пайдалануға құқық берілмеді).

Ақшаларын салған азаматтар заңдастыруға дейінгі жасалған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Осы шараның нәтижесінде тек 2 айда (2001 жылдың маусымшілде айларында) тұрғындардың банк жүйесіндегі салымдары 46%-дан астам (51,7 млрд. теңгеге) өсті. Заңдастырылған қаржының жалпы көлемі 480 млн. АҚШ долларына немесе жалпы ішкі өнімнің 2%-ына тең болды. Шамамен осы қаржының 55%-ы банк жүйесінде депозиттер түрінде қалды, бұл банктердің ресурстық базасының едәуір өсуіне ықпалын тигізді.