ШАҒЫН КӘСІП ЕЛДІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТТІ

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау дағдарысқа қарсы бағдарламаның маңызды бағыты болды. 2008–2010 жылдар аралығында мемлекет ШОК-ты қолдауға 400 миллиард теңге жұмсады. Бұл 10 мың кәсіпкерлік нысанды
демеуге және 13 мың жұмыс орнын сақтап қалуға көмектесті. Көптеген халықаралық сарапшылар Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдаудың ауқымын қошеметпен атап көрсетіп жатты. Ол төрт бағытта жүргізілді.
Біріншіден, арзан заемдық қаражат алуға жол ашылды. Оның несиелік үстемесі 14 проценттен аспады. Екіншіден, тауарлар мен қызметті мемлекетке сатуға кепілді мүмкіндік берілді. Бағдарламада қазақстандық мазмұнды дамытуға жеңілдетілген несие қарастырылды, ал ол жаңа кәсіпорындарды игеруге жағдай туғызатын. Үшіншіден, отандық кәсіпкерлерге инвестициялық жобаларға қатысуға ұсыныс жасалды. «30 корпоративтік
көшбасшы» бағдарламасы бойынша мемлекет шағын және орта кәсіпкерлік желісін құрушыларға жәрдем көрсетті. Төртіншіден, қолайлы бизнес-орта қалыптасты. Бұл бағытта кешенді шаралар жүйелі түрде біртіндеп
іске асырылды. Жаңа Салық кодексі шикізаттық емес секторға түсетін салмақты азайтты. Сондай-ақ шағын кәсіпорындар үшін бірқатар жеңілдіктер белгіленді. Бизнеске әкімшілік кедергілер де айтарлықтай төмендеді.

Ауыл шаруашылығы кешеніне мемлекет 1 миллиард доллар бөлді. Бұл қаржы астық экспорты инфрақұрылымын қалыптастыруға, ет, жүн және жеміс-көкөніс дақылдарын өңдеуге бағытталды. Жаңа жылыжай шаруашылықтарын, көкөніс сақтау қоймаларын, құс фабрикаларын және сүт фермаларын салу жұмыстары басталып кетті.
Қолданылған шаралар тиімді және пәрменді болды. Шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты саясат іске асты. Бұған еліміздің барлық өңірінде кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істеп тұрған нысандарының саны көбейгені
дәлел болды. Дағдарысқа қарамастан, 2009 жылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны 5,3 процентке артты.
Дағдарысқа қарсы шаралар экономикадағы көлеңкелі құбылыстарды артта қалдыруға ғана жол ашқан жоқ, оңтайлы іскерлік климатты да қалыптастырды. Бизнес-орта ашық және мобильді бола түсті, кедергілер азайды,
жаңа мүмкіндіктер ашылды.
2 010 жылы біздің мемлекетіміз кәсіпкерлік іс-қимылға оңтайлы жағдайтудыру көрсеткіші бойынша үлкен табысқа жеткен он елдің тізімін бастап тұрды. Сол жылдың қорытындысында Бүкіләлемдік банктің «Doing Bussiness 2011» рейтингінде Қазақстан 183 елдің ішінде 59-орын алды.