ҮШ ТІЛДІ ҮЙЛЕСТІРГЕН ОЗЫҚ ЕЛ

Елбасының бастамасымен 2000 жылдың маусым айында 2001–2010 жылдарға арналған Тілдерді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Қазақ тілін дамытуға бөлінетін қаржыны күрт көтерілді: 2005 жылы 130 миллион теңге бөлінсе, 2007 жылы 3 миллиард теңге болды, ал 2008 жылы 5 миллиард теңгеден асып түсті. Бұл аса қарқынды өсім болды.
Өңірлерде қазақ тілін үйрететін орталықтар көптеп ашылды. Орта мектептердің тең жартысына жуығы 1,5 миллионнан астам оқушы оқитын қазақтілді мектептер болды. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшу
процесі қарқынды атқарылды.
Бүкіл Қазақстан бойынша көптеген мекемелерде қазақ тілін үйрету үйірмелері пайда болды. Онда әр жастағы, әрқилы кәсіп меңгерген түрлі ұлт өкілдері зор ынтамен тіл үйренуге кірісті.
Мемлекеттік тілдің даму тренді өрлеу траекториясымен өсті. Біздің күш-жігеріміз оң нәтижелерге жетеледі. 2000 жылдардың соңына қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің көрсеткіші 74 процентке дейін өсті. Бұл
қозғалысты ештеңе де тоқтата алмайтыны анық.

2007 жылдың наурызында Елбасы халыққа Жолдауында «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», – деп айтып өтті.
Осы лингвистикалық бастама 2007 жылы нақты сипатқа ие болды. «Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасын іске асыру
басталды. Жобаның мақсаты – қазақстандықтардың үш тілді жаппай меңгеруі. Әр құрлықтағы көп елде үштілділік қалыпты жағдайға айналған тұста «Үш тілдің бірлігі» жобасы жаңа өмір талабына сай ерекше маңызға ие.
Қазақстандық жас буын мұндай келешегі зор жобаны өзгеше ынта-жігермен қабылдады. Сонымен бірге үштілділік көз алдымызда нақты дүниеге айналды: 2000 жылдардың өзінде-ақ білімге ұмтылған озық ойлы жастар үш тілді ықыласпен меңгере бастады. Бұл – бүкіл Қазақстан үшін үлгі.

2007 жылдың тамызында Елбасын өз арманын – Абайды, Пушкинді және Шекспирді түпнұсқа тілінде бір мезгілде оқи алатын ұлтты көргісі келетінін жария етті.