ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫ РӨЛІ

Тәуелсіз Қазақстан тарихында Елбасының еңбегі ерен. Өйткені егемендікке жеткенмен елдің еңсесін тіктеп, мұратқа жеткізу міндеті тұр еді. Мұны ойдағыдай орындап, дамыған 50 мемлекеттің қатарына енгізді.

Шекара шегенделді. Ұлттық валютамыз — теңге айналымға енді. Ата заңымыз — конституция қабылданды. Тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз, мәдениетіміз бен ата дәстүріміз қайта жаңғырды.

1. шекараны рәсімдеу

2. ұлттық валюта

3. Конституция

4. ұлттық қор

5. ҚХА

6. Жаңа астана

Елбасының егемендіктің елең-алаңындағы «алдымен — экономика, сонан соң саясат» атты тарихи қағидаты мемлекеттің гүлденіп, өсуіне жол ашты. Халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған бағдарламалар қабылданды. Әлем қауымдастығы Елбасының бейбіт бастамаларын ерекше қолдады. Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тартуы арқылы зұлматты сынақтарға нүкте қойды.

1. «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050»

2. Отандастар

3. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер»

4. «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру»

5. «Қашаған» кен орны

6. Семей ядролық полигонын жабу

7. Ядролық арсеналдан бас тарту

8. Конфессияаралық келісім

Елде экономикалық өрлеумен қатар ел бірлігінің, тұрақты дамуының негізі қаланды. Қазақстанның тұңғыш президенті білім беру, ұлт саулығына ерекше екпін берді. Осындай іргелі істер кезең-кезеңімен іске асып, әлемнің озық елдерінің қатарына кіруіне жол ашылды.

1. «Болашақ» стипендиясы

2. Назарбаев мектебі мен университеті

3. Латын әліпбиі

4. Медициналық кластер

5. Ғарыштық бағдарлама

6. «Астана» қаржы орталығы

9. Каспийдің құқықтық мәртебесі

10.  50 мемлекеттің қатарына ену

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық шешімдер қабылдаудағы еңбегі әлемдік аренада жоғары бағаға ие. Мәселен бірқатар ірі әлемдік ұйымдардың құрылуына мұрындық болды. Төрағалық етті және олардың жиындарын елімізде өткізді. Мұның бәрі сыртқы саясаттағы салмағымызды арттыра түсті.

1. КӨПТАРАПТЫ СЫРҚЫ САЯСАТ

2. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес

3. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ

4. ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ СЪЕЗІ

5. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТІМГЕРЛІК ДИПЛОМАТИЯСЫ

6. ЕҚЫҰ-ҒА ЖӘНЕ БҰҰ ҚКЕ-ГЕ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУ

7. «ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ