МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

Мемлекет басшысының жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жалпыұлттық жоспар құрылатын болды.

Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты. Жалпы, Жолдауда негізгі 5 бастама жарияланған. Құжаттағы басымдықтар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, халықтың нақты табысын арттыруға және де қаражат жинақтауға ынталандыруды көздейтін іс-шаралар қаралған. Жолдаудағы негізгі басымдық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Әр сала бойынша межелі тапсырма беріліп қана қоймай оны орындаудың жолдары да көрсетілген.Салаларға ғана емес өңірлерге де ерекше мән беріліп отыр. Аймақтардың табиғи, экономикалық ерекшеліктері ескеріле отырып, инфроқұрылымдық даму бағдарламасы әзірленеді. Шағын және орта кәсіпкерлердің де шаруасын ширату үшін мемлекеттік бағдарламаның мерзімі ұзартылып отыр.

Әсет Ерғалиев, ҚР Ұлттық экономика министрі: «Шағын және орта кәсіпкерлікті тиімді дамыту мақсатында қарапайым заттар экономикасы және бизнестің жол картасы бағдарламаларын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасатын болады. Жалпы алғанда қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн теңгені құрайды.

Шағын шаруашылықтар мемлекеттік қолдауды бұрынғыдан да жеңіл алатын болды. Ол ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы жүзеге асырылмақ. Қазір сала министрлігі жеке қосалқы шаруашылықтар туралы заң жобасын әзірлеуге кірісіп кеткен.

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау тиімділігі де артады. Ал, экономикамыздың күші жетпеген мәселелерге қаржы ұлттық қордан бұрынғыдай есепсіз бөлінбейтін болды.

Енді трансферттердің шекті мөлшері бекітіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында инфляцияның ырық бермей кеткенін айтып, ұлттық банкті сынға алды.

Бүгінгі үкімет отырысында Бас банкир жағдайды реттейміз, жуық арада тізгінді қайта қолға аламыз деп сендірді.

Шынар Оразова,