БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН 2–5 МЛН ТЕҢГЕЛІК ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ

Енді аталмыш байқауға қатысу үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан «кәсіпкерлік негіздерін» оқыды деген СЕРТИФИКАТ ҚАЖЕТ ЕМЕС!

Айта кетейік, осы талапқа сәйкес келмейтін қаншама кәсіпкер МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТқа қатысу мүмкіндігінен айырылатын.

ЕНДІ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

— Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес дайындалған бизнес-жоба;

— басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

— Берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

— Өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат.

ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТАҢДАУ БАРЫСЫНДА БАСЫМДЫҚ НЕГЕ ҚОЙЫЛАДЫ?

— Өтінім жіберген үміткерлер арасында таңдау басымдығы бизнес-идеяның жаңашылдығына аса мән беріледі. Бизнес-жоспар өткізу барысында басқа кәсіп түрлерінен артықшылығы, мамандардың тәжірибесі, жұмыс барысы ескеріледі.

Әлеуметтік жағынан осал топтарға бизнес-жоспар өткізу барысында жаңашыл жоба талап етілмейді. Грантты ұтып алу үшін экономиканың басым секторындағы жаңа бизнес идеялар ұсыну керек. Жаңа бизнес-идея бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен əдістерді қолдана отырып тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кəсіпкерлік бастаманы айтамыз.