БЕС ИНСТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Елбасы 2015 жылы 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының ХVІ құрылтайында сөз сөйлеп, бес институционалдық реформа бағдарламасын жария етті.

Алғашқы реформа кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құруға қатысты еді. Сайлаулар, министрлердің, әкімдердің және басқа жетекшілердің ауысуы мемлекеттік әкімшілік қызметке ықпал етуі керек. Осындайда әрбір жетекші төменнен бастауы керек және барлық басқару баспалдақтарынан өтуге міндетті.
Екінші реформа меншік құқығы мен кәсіпкерлік бостандығына кепіл беретін заңның үстемдігі мен сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды. Соттар жабық корпорация болмауы қажет және қоғамдық
сыннан тыс қалмауы тиіс. Ашықтық – бұл судьялар қатарындағы жемқорлыққа қарсы дәрі. Мұндай ашықтық пен кадрларды қатаң іріктеу полиция мен барлық құқық қорғау органдарына қажет.

Үшінші реформаның мақсаты индустриаландыру мен әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім болды. Өнеркәсіп пен өңдеу секторын экономикалық өсімнің негізгі драйверлеріне айналдыру қажет болды.

Н.Назарбаев «Болашағы біртұтас ұлт» деп аталатын төртінші реформаның мәнін былайша түсіндірді: «Біз тұрақтылық пен келісімнің өзіндік моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Сонымен бірге, қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайтуымыз қажет. Ол азаматтық қағидатына негізделуі тиіс.
Тұрақты және табысты мемлекеттің сенімді іргетасы бола алатын, халықты топтастыратын негізгі құндылықтар қатарына теңдік, еңбексүйгіштік және білімділік жатады деп жарияладым. Мектептердің міндеті – білім беру ғана
емес, жас қазақстандықтарды жоғары азаматтық рухта тәрбиелеу екенін де баса айттым».
Бесінші реформа мемлекет құру мәселесін шешеді, ашықтық және қоғамға есеп беруге міндеттілік секілді күшті мемлекетке керек «шектегіштерді» көздейді.

Саяси тұрақтылық – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының басты жетістіктерінің бірі. Мемлекеттік билікті жаңғырту, керісінше, жүзеге асуы тиіс прагматикалық міндеттер мен іс-әрекеттің жиынтығынан көрінді: мемлекеттік ұйымдардың есеп беру тәртібін өзгерту, сот шешімдеріне шағымдану тетігін нығайту, жаңа бюджет саясатының қағидаттарын бекіту, азаматтық қоғамның өзін өзі реттеп отыруын қамтамасыз ету және тағы басқа мәселелер тұрды.
Бес институционалдық реформаның әрқайсысы – елді орасан зор жұмысқа жұмылдырды, ал олар бәрін қоса алғанда, Қазақстан мемлекеттілігін нығайту мен әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жағдайлар жасады.