ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

Шахматтан Дүниежүзілік онлайн олимпиадада отандасымыз Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді.

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан онлайн додаға әлемнің 160-тан астам елінен 1500-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Екі кезеңнен тұратын турнир арнайы ойын платформасында ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынайды.

Әр команда құрамында алты ойыншы болу керек. Әр партияға 15 минут және әр жүріске 5 секунд беріледі. Қазақстан жоғары дивизионда бәсекеге түсіп жатыр. Біздің топта Қытай, Румыния, Индонезия, Грузия, Моңғолия, Греция, Иран, Австралия, және Армения бар. Әр топтан екі команда финалға шығады.

Бүгін Қазақстан шахматшылары Қытаймен кездесіп, жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Жансая Әбдімәлік 27 жастағы қытайлық, 4 дүркін әлем чемпионы Хоу Ифаньнан басым түсті.