1 МАМЫРДАН БАСТАП АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЛАРЫН ӨНДIРУШIЛЕРГЕ СУ БЕРУ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫН СУБСИДИЯЛАУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 6-3/597 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың  1 мамырынан бастап, 30 қарашасына дейін gosagro.kz веб-порталы арқылы өтінім қабылданады. Бұл бағытта облыстық бюджеттен 2024 жылға 150,0 млн. теңге қаржы қаралады.

 Субсидияларды есептеу тәртібі:

Су үнемдейтін технологияларды  пайдаланбай суару кезінде сатып алынатын суару суының 1 (бір) м3 үшін тарифтерге (ҚҚС-сыз) % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:

Атауы 2024 жыл 2025 жыл 2026 жылдан бастап
м3-іне 2,0 теңгеге дейін 50% 40% 30%
м3-іне 2,01 теңгеден  4,0 теңгеге дейін 55% 45% 35%
м3-іне 4,01 теңгеден  9,0 теңгеге дейін 60% 50% 40%
м3-іне 9,01 теңгеден 15,0 теңгеге дейін 65% 55% 45%
м3-іне 15,01 теңгеден 20,0 теңгеге дейін 70% 60% 50%
м3-іне 20 теңгеден жоғары 75% 65% 55%

Су үнемдейтін технологияларды пайдалана отырып суару кезінде сатып алынатын суару суының 1 (бір) м3 үшін тарифтерге (ҚҚС-сыз) % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:

м3-іне 2,0 теңгеге дейін 60%
м3-іне 2,01 теңгеден 4,0 теңгеге дейін 65%
м3-іне 4,01 теңгеден 9,0 теңгеге дейін 70%
м3-іне 9,01 теңгеден 15,0 теңгеге дейін 75%
м3-іне 15,01 теңгеден 20,0 теңгеге дейін 80%
м3-іне 20 теңгеден жоғары 85%