1 мамырдан бастап «ҚазМұнайГаз» бекеттерінде бензин арзандайды

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС өзінің құрылған күніне орай бензин бағасын төмендететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«1 мамырдан бастап Аи-95 маркалы бензин 10 теңгеге арзандайды, ал Аи-92 құны литріне 158 теңгеге түседі. Акция 1 маусымға дейін жалғасады», — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС өкілдері қолжетімді баға саясатын ұстанатынын атап өтіп, жаңаша төлем жүйесімен жұмыс істейтінін еске салды.

«ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде электронды талондар қолданысқа енгізілді. Смартфондар мен штрихкодтар арқылы төлем жасауға да болады», — дейді компанияның баспасөз қызметі.

«Қамшы» сілтейді