1 НАУРЫЗДАН БАСТАП «ЖАСЫЛ АЙМАҚТАҒЫ» БАРЛЫҚ МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛАДЫ
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
«ВАК отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
7 күн бойы «Жасыл аймақта» тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етілді: жұма намазын өткізуге (30 пайызға дейін) және жерлеу рәсімін өткізу (30 пайызға дейін, 50 адамнан артық емес)» делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың таратқан ресми ақпаратында.
Айта кетейік, Шымкент қаласы қазіргі таңда «жасыл аймақта» тұр. Десе де, медицина мамандары қала тұрғындарына карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауын ескертеді. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүруі тиіс.