100 МЫҢ ТӨЛЕМ КАРТАСЫ САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көліктегі электронды билеттендіру жүйесінің негізгі көрсеткіштерін жария етті.
Басқарма басшысының мәліметінше, «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі енгізілгеннен бастап, 200 мың төлем картасы сатылып, қосымша 100 мың карта сатылымға шығарылды. Бүгінгі таңда 1,2 млрд теңгеге 16,5 млн транзакция жасалған. Оның ішінде, картамен – 13,8 млн, қолма-қол ақшамен – 2,5 млн, SMS арқылы – 122 767 және QR-код арқылы 314 транзакция жасалды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта төлем жүйесі арқылы жүргізіліп жатқан транзакциялардың 80 %-ы картамен төленді. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік қозғалысына бақылау жүргізетін мобильді қосымшасы әзірленіп, бүгінгі таңда тестілеуден өткізу үшін «PlayMarket», «AppStore» бағдарламаларында жариялау үшін өтінім жолданды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі