ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кешегі Жолдауында халықты ашық диалогқа шақырып, сол халықтың сенімді өкілдерімен кездесіп кеңесуіне алтын көпір бола алатын алаң. Бүгін Кеңестің алғашқы отырысы өтті және кешелі бері ел ішінде әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан алыпқашпа әңгіменің астарына үңілді. Мұның барлығы мемлекеттің ішкі тұрақтылығына сызат түсіретін, дүрбелең тудыруға түрткі болатын, ел ішіне сына қағып, ши жүгірткісі келетін пиғылдылардың әрекеті деп түсіндірді.

«Біз ұлттық мүддені қашанда бірінші орынға қоямыз. Тағы да шегелеп айтамын, жерімізді ешкімге бермейміз, халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз, басты назарда болады. Шетелдік инвестициялар тек қажетті салаларға ғана тартылады. Жалпы, шетелдік инвестицияларсыз дамушы мемлекеттер өмір сүре алмаймыз. Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдер инвестиялардың арқасында жетістікке қол жеткізді «,—дейді мемлекет басшысы.

Кеңестің бағыт-бағдары, мақсаты айқын. Соның ішінде үш бағыт бойынша, мәселен саяси, экономикалық және әлеуметтік сала бойынша жұмыс істейді. Елдің мұң-мұқтажына құлақ түреді. Сондықтан елдігімізді бүлдіріп, байбаламнан гөрі байсалды шешім қабылдап, байтақ жеріміздің гүлденуіне әрбір азамат бір кісідей атсалыса берейік.