2 МЫҢНАН АСА ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН

Шымкент қаласында «HR-Process» бағдарламасы аясында мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесі жалғасуда. Бүгінде жүйені пайдаланушылар саны 3 278-ге жетті.

Аталған жүйе арқылы 106 мектеп 499 бос жұмыс орынына конкурс жариялаған. Оған 2 134 өтініш келіп түскен.

Ал, комиссия қарауында болған 555 кандидаттан 1 865 өтініш түсіпті. Оның ішінде 250 азамат конкурс жеңімпазы атанып, жұмысқа қабылданды.

Еске сала кетейік, «HR-Process» жүйесі білім беру саласындағы бос орындарына жұмысқа тұру үшін өтініш беру мен оны өңдеу барысын автоматтандыруға арналған. Сондай-ақ, осы портал арқылы үміткерлер мен бос орындарының дерек қорын құру қолға алынды. Басты мақсат — заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыру.

Яғни, үміткерді таңдау кезінде меритократия қағидаларын сақтау және ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.