20 НАУРЫЗ — «ЗИЯТКЕРЛІК» КҮНІ

Шымкентте 20 наурыз күні «Наурыз Шымқалада» мерекелік іс-шарасы аясында «Зияткерлік» күні аталып өтті.

Зияткерлік күніне арналған мәдени көпшілік іс-шарасы «Аққұм» биімен басталып, алаңда қалалық театрлар Ұлы дала ұлылары Әл-Фараби, Абай, Ыбырай және Ахмет Байтұрсынұлының сахналық бейнелерін көрсетумен жалғасты.

Сонымен қатар іс-шара барысында интеллектуалдық дамуға арналған шахмат, тоғызқұмалақ, нарды және дойбы ойындары ұйымдастырылды. Қала тұрғындарының қатысуымен көлемді сөзжұмбақтардың интерактивтік ойыны мен қалалық мектеп оқушыларының арасында халық ауыз әдебиетінің жауһары мақал-мәтел, жыр-дастан, жұмбақ жасыру және жаңылтпаштан сайыс өткізіліп, кеш соңы мерекелік концертке ұласты.