2011 ЖЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

2010 жылдың 23 желтоқсанында Шығыс Қазақстан жұртшылығы Мемлекет басшысының өкілеттігін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастама көтерді. Бұл идея қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапты. Бір ай ішінде ол ұсынысқа бес миллионнан астам азамат қол қойды, ал бұл елдегі сайлаушылардың жалпы санының жартысынан асып түседі. Парламент те бұл ұсынысты қуаттап, заңнамалық бастама сипатында рәсімдеп тастады. 2011 жылдың 14 қаңтарында Парламент, Н.Назарбаевтың келісімінсіз, Конституцияға референдум арқылы Президент өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуды көздейтін түзетулер енгізуді бірауыздан қабылдап жіберді. Ел тұрғындары да, халықаралық қоғамдастық та парламентарийлердің бұл іс-әрекетіне Елбасының қалай жауап берерінде бар зейінімен күтті. Сарапшылардың басым көпшілігі 2011 жылдың қаңтары бойына референдум мәселесі түбегейлі шешілді деп тұжырып жатты. Бірақ олар қателесті. Н.Назарбаев бұл түзетулерге қол қоймастан, оларды Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қарауына жібердім. Мәміле – сайлау өткізу.

Сайлау барысында Президент бәсекелестері – Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы Ғ. Қасымов, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы ОК хатшысы Ж. Ахметбеков және «Табиғат» экологиялық ұйымының көшбасшысы М.Елеусізов болды. 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен президент сайлауында сайлаушылардың 95,55 проценті Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 89,98 проценті қатысқан.