2015 ЖЫЛ — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ
2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды. Ол әуел бастан-ақ топтасқан азаматтық қоғамды, этносаралық және конфессияаралық келісімді қалыптастырушы тетік ретінде құрылған еді.
2010-шы жылдардың ортасында ҚХА аясында 900-ден астам этномәдени бірлестік, 200-ге жуық этноағартушылық кешен мен достық үй, сондай-ақ 2 мың қоғамдық келісім кеңесі және аналар кеңесі жұмыс істеді.
Ассамблея жылына елдің бес мыңнан астам қала мен ауыл 30 мыңнан астам іс-шара өткізіп, оған 90 миллион қазақстандық қатысты.
Соңғы жылдары ҚХА өз қызметі арқылы шын мәніндегі жалпыхалықтық Ассамблея ретінде танылды. ҚХА-ның ХХ сессиясында Елбасы: «Бүгін біз Ассамблеяны – тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз.
Барлық он жеті миллионы!» – деп бұл ұйымның жұмысына жоғары баға берді.
Ал 2015 жылғы XXII сессияда 1 наурыз күнін – Ассамблеяның туған күні – жаңа мереке, Алғыс айту күні деп белгілеуді ұсынды. Бұл күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болды. Алғыс айту күні алғаш рет 2016 жылы аталып өтті.