2017 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУ — ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАР
2017 жылдың қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында ел экономикасының жаңа технологиялық формасына көшуді көздеген 2025 стратегиялық жоспарының көкжиегі анықталды. Тек осылайша, Қазақстанның жан-жақты экономикалық жаңғыруы арқылы ғана жаңа ахуалда «Қазақстан-2050» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары стратегияларының мақсаттарына апаратын сенімді көпір салынатын болады.
Экономиканың әлемдік орташа дамудан асып түсетін өсу қарқынын қамтамасыз етуге, жоғары бәсекелестік пен әлемнің озық 30 елінің қатарына орнықты жылжуды қамтамасыз етуге тиіс бес басымдық айқындалды.
Біріншіден, цифрлы индустрианың пайда болуын және дәстүрлі салалардың жаңа технологиямен жарақтануын көздейтін экономиканы технологиялық тұрғыдан жеделдете жаңғырту. Үкіметке «Цифрлы Қазақстан»
бағдарламасын жасау, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер мен инвесторларды тарту үшін ЭКСПО-2017 нысандарының базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін жасау тапсырылды.
Екіншіден, бизнес-ортаны түбірімен жақсарту және кеңейту. Үкіметке осы саланы барынша реттеудің жүйелік шараларын жасау тапсырылды. Экономикадағы мемлекеттің үлесін ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейіне
(15%) жеткізу көзделген.
Үшіншіден, макроэкономикалық тұрақтылық. Инфляцияны 3-4%-ке дейін төмендету және оны осы деңгейде ұстап тұру, қолжетімді несиелендіруді қамтамасыз ету, квазимемлекеттік сектордың қарыздарына бақылау
жасау міндеті қойылды.
Бесіншіден, институционалдық өзгерістер, ұлттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Үздік шетелдік тәжірибені белсенді түрде енгізу көзделген. Меншік құқығын тиімдірек қорғау мақсатында заңнамаларға тексеру жүргізу белгіленді. Эсктремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары қарқынды жүретін болады. Үкімет пен ҰҚК-не «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесін жасау тапсырылды. Сыбайлас жемқорлықтың себептерін түп-тамырымен жою жұмыстарын күшейту үшін Үкімет бірыңғай мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізеді. Сыбайлас жемқорлыққа деген жаппай жеккөрініш қоғамдық ықпалдың күшті құралына айналуы тиіс.
Екі аптадан соң, 15 ақпанда Жолдауды жүзеге асырудың Жалпыұлттық жоспары бекітілді, мұнда барлық іс-қимыл қадамдары нақтыланды.
Жаңғыру ісіндегі ерекше маңызды міндеттер 2016 жылы қыркүйек айында Б. Сағынтаев тізгінін ұстаған Үкіметке тапсырылды.