2017 жылы «Нұрлы жол» аясында 4 мың шақырымнан астам жол салынып, қайта жөнделеді

Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп жатыр, отырыс барысында 2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары мен биылғы жылға жоспарланған жұмыстар қарастырылуда.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек 2017-2019 жылдары автожол саласында 1,7 трлн теңге сомасына ұзындығы 4,4 мың шақырым қамтылатын 23 жобаны жүзеге асыру қарастырылғанын баяндады.

Бөлінген қаражат есебінен 7 өтпелі жобада — Астана-Қарағанды, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Орталық-Батыс, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Каменка бойынша жұмыстар жалғастырылады, жыл қорытындысы бойынша 602 шақырым жолда жұмыстарды аяқтауда жоспарлануда.

Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын 8 жаңа жобаны бастау жоспарлануда. Ұзындығы 2 184 шақырым болатын тағы 8 жобаны қаржыландыру халықаралық қаржы институттарының займдары есебінен қарастырылған.

Жалпы, биыл 4,4 шақырым жолды салып, қайта жөндеу және оған 100 мыңға жуық адамды тарту көзделіп отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламада тұрғын үй құрылысы мәселелері де қарастырылған. 2016 жылы тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымына 400 млрд теңге бөлінген, ол жалға берілетін, несиеге берілетін және коммерциялық тұрғын үйлерді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларын несиелендіруге бағытталды.

Соның нәтижесінде 2016 жылы 8,3 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтылды (478 мың ш.м.), 2017 жылдың соңына дейін аталған қаражат есебінен қосымша 33,8 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Аталған мәселелер одан әрі де «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. 

primeminister.kz