2021 ЖЫЛҒЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2021жылы жоспарланған Қамқоршылық Кеңесі мүшелерімен алғашқы отырысы өтті.

Қамқоршылық Кеңес — білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасау мақсатында жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестік. Олардың басты мақсаты — Зияткер оқушыларына жарқын болашақты қамтамасыз ету.

Мектептің Қамқоршылық Кеңесінің құрамында:
Әбдірахимов Ғабидолла Рахматоллаұлы — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Сейтжанов Серикжан Сейтжанұлы — «Саутс-Ойл» ЖШС мұнай-газ компаниясының президенті,
Мырхалыков Жұмахан Үшкемпірұлы — Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Инновация және технологиялық жаңарту ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, Комекбаев Али Амантайұлы — ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы және Торыбаев Мухтар Калсабайұлы — Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарыағаш станциясы» С-О-3 кеден бекетінің басшысы, Тлеукеев Ахатай Рамазанұлы — «Хоум Кредит Банк» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының директоры және Утенбаев Габдол Әмирбекұлы — ЖШС «Dala-Construction.kz директоры, Елибаев Максат Жанабайұлы — «Зияткерлік меншік ұлттық институты» ШЖҚ РМК Шымкент қаласы филиалының директоры мен
Алимбеков Тохтар Муратұлы — жеке кәсіпкер,»Chaplin’ s group » негізін қалаушысы,
Касимов Балкан Маратұлы Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры, сонымен қатар, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Кипчакбаева Айман Бахытбекқызы бар.

Келген қонақтарға, ең алдымен кампус тур жүргізіліп, мектебіміздің үздік оқушылары, халықаралық және республикалық ғылыми жобалар сайысы мен олимпиадалардың жеңімпаздары өз ғылыми-шығармашылық жобаларын таныстырып өтті.
Отырыс онлайн қосылым арқылы Қамқоршылық Кеңес төрағасы Ғабидолла Рахматоллаұлының алғы сөзімен басталды. Ол өз сөзінде мектептің жоғары деңгейде қызмет атқаратынын, сонымен қатар аталған білім ошағында білікті мамандар жұмыс істейтінін атап өтті.

Отырыс барысында мектеп директоры Балкан Маратұлы өзінің кіріспе сөзінде Зияткерлік мектептің 2021-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асырудың жоспарымен таныстырды. Директор мектеп ашылғаннан бері қазіргі таңға дейін зияткерлік орталықтары арасында мектептің беделі артқанын, оның халықаралық ынтымақтастықта деңгейі көтерілгендігін, сонымен қатар, мектеп оқушыларының елеулі жетістіктерін де айтты.

Сонымен қатар, мектебіміздің жаңа миссиясы мен девизі Қамқоршылық Кеңес мүшелерімен талқыланып, мектеп девизі мен миссиясының жаңа үлгісі қабылданды.

Мектеп ұжымы мен Қамқоршылық Кеңес мүшелері күн тәртібіне сәйкес белгіленген келесідей мәселелерге жіті назар аударды:
2019-2020 оқу жылы бойынша айтулы жетістіктер – екінші жылыжайдың іске қосылуы, түлектердің ЖОО-ға түсу нәтижелері, мектеп ұжымының ғылыми-инновациялық жетістіктері;
Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің «Мақтааралға көмек» қайырымдылық көмегі;
«Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорымен бірлескен іс-шаралар жоспары;
«Shymustaz» Шымкенттің мұғалімдер қауымдастығы сайты арқылы тәжірибе тарату;
«Ontustik Startup» қалалық үздік жобалар конкурсы.
FabLab жабдықтарын сатып алу;
Мектебіміздің мұқтаж отбасыларынан шыққан 15 оқушының IELTS емтиханы төлемақысына қол ұшын беру;
«3D город» жобасын іске асыру үшін құрал-жабдықтармен қолдау көрсету;
«Ontustik Startup» қалалық үздік жобалар конкурсына сыйақы қорына демеушілік жасау;
Онымен қоса, білім ордамыздың цифрлық әлеуетін одан әрі дамыту, оқытудың әртүрлі формалары мен білім беру технологияларын біріктірудің жаңа тәсілдері туралы айтылып, робототехника үйірме жұмысымен айналысуға жаңа инновациялық роботтарды сатып алуға демеушілік жасау ұсынылды. Ал, Қамқоршылық Кеңес мүшелері тарапынан мектеп игілігі үшін, пайдалы әрі оқушылардың жан-жақты дамуына септігін тигізетін бірнеше идеялар талқылап, ой бөлісті.
Қамқоршылық кеңес мүшелері Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы мырза мен Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы мектеп жұмысына өздерінің оң бағаларын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Кездесу соңында мектеп директоры Балкан Маратұлы мектебіміздің Қамқоршылық Кеңесі мүшелеріне қазірдің өзінде жүзеге асырылған бірқатар жобалар үшін алғысын білдіріп, Назарбаев мектебінің даму бағдарламасы бұл барлығымыздың болашағымыз екенін атап өтті, сондай-ақ жаңа міндеттер мен жоспарларды бірге іске асыру бойынша белсенді жұмысқа дайын екендігін білдіріп, отырыс қатысушыларына серіктестіктері үшін алғысын айтты.